Президент Игорь Алтушкинді қабылдады
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның еліміздегі өндірістік қызметі, өңдеу қуатын арттыру және холдингтің өнеркәсіп нысандары орналасқан аймақтардағы әлеуметтік міндеттерді шешу жоспары жөнінде мәлімет берілді.