Жетісуде жер сілкінді
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ, тұрғындардан 112 нөміріне қоңыраулар тіркелмеді.
ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі 31 наурыз күні сағат 11:11-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта орналасқан.
Эпицентр координаттары: 44.609º с.е., 79.709º ш.б. Тереңдігі — 10 км. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10.7. Магнитудасы MPV — 5.4.
Есептік қарқындылығы (баллмен):
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы — 2 балл
Жетісу облысы, Текелі қаласы — 2 балл
Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы — 2 балл
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ, тұрғындардан 112 нөміріне қоңыраулар тіркелмеді.