Абай облысы әкімі жеңімпаздармен кездесті
Германияның Инцель қаласында өткен конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өткен еді.
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Германияның Инцель қаласында өткен конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында облыс спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Кездесу барысында аймақ басшысы спортшылар мен олардың жаттықтырушысына алғыс айтып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруға тілектестігін білдірді.