Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Германияның Инцель қаласында өткен конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында облыс спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Кездесу барысында аймақ басшысы спортшылар мен олардың жаттықтырушысына алғыс айтып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруға тілектестігін білдірді.
«Бүгінде мемлекет тарапынан спортты дамытуға, соның ішінде балалар мен жасөспірімдер спортын қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру қажеттігін бірнеше рет атап өткен болатын. Осыған сәйкес Абай облысында да спорт инфрақұрылымын дамыту мен талантты спортшыларды қолдауға арналған кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді. Сіздердің жетістіктеріңіз – атқарылып жатқан жұмыстың нақты нәтижесі. Алдағы уақытта да халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, жаңа белестерді бағындыра бересіздер деп сенемін», – деді Берік Уәли.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






