Экономика

Шілдеден бастап несие алу талабы өзгереді

Жаңа ереже 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Енді ломбардқа өткізілген алтын мен уақытылы төленбеген айыппұл несие тарихына "қара таңба" болып басылады. Елімізде несие алу талаптары қатаңдатылады, деп хабарлайды turkystan.kz "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Енді ақшалай жалақы алатындар мен зейнетақы жарнасы жоқ азаматтарға кредит берілмеуі мүмкін. Жаңа ереже 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

"Шілдеден бастап банктер табысыңыз бен қарызыңызды екі бағыт бойынша есептейді. Біріншісі, айлығыңыздың қанша пайызы несиеге жұмсалады? Егер табысыңыздың жартысынан көбі қарыз жабуға кетсе, жаңа несие берілмейді. Екіншісі, ресми табыс. Егер зейнетақы немесе медициналық сақтандыру аударымдарыңыз болмаса, банк сізді "жұмыссыз" ретінде қарастыруы мүмкін", - дейді тілші Назерке Алтынбек.

Бұл шектеулер тек банктерге емес, ломбардтарға да қатысты. Ондағы әрбір кешігу микронесие болып тіркеледі. Бұл жүйе несие батпағына батқандарды тоқтату үшін жасалып отыр.