АҚШ көмектеспесе, Украинаның жағдайы қиындайды
Украинаға АҚШ-тың қосымша әскери көмек беруіне қатысты пікірталас америкалықтардың қандайда бір әрекетіне қарамастан соғыс тығырыққа тіреледі деген болжамға негізделген. Бірақ бұл болжам шындыққа жанаспайды. ISW-Institute for war study жариялаған зерттеуде осылай делінген.
Институт мамандары егер АҚШ жедел әрекет жасамаса Ресейдің шабуылы күшейетінін айтады. Өйткені ресейліктер позициялық ұрыстан бірте-бірте шығып, майданда маневр жасау мүмкіндігін қалпына келтіре бастаған. Себебі АҚШ-тың Украинаға әскери көмегі кешеуілдеп жатыр. Көмек кешіге берсе Украина қазіргі шепті ұстап тұра алмайды. Әсіресе әуе қорғанысы кешендері мен артилиерияға мұқтаждық басым. Мұндай көмекті жедел түрде АҚШ қана көрсете алады. Ал қазіргі жағдайда майданда Ресей ұшақтары басымдыққа ие болды да, украиналықтардың қорғаныс шебіне мыңдаған бомба тастап жатыр. В.Зеленский артиллерия бойныша жағдай 1/10 деңгейіне жеткенін де айтты. Яғни украиналықтар 1 снаряд атса, орыстар 10 снарядпен ажуап береді. ISW орыстар 2022 жылдан бері алғаш рет бронотехникалық колонналарды бұрынғыдай көп шығынсыз қолданып жатқанын айтады. Әрине орыстардың алға жылжуы тым жедел емес. Бірақ амйданның бірнеше бөлігінде баяу да болса үздіксіз алға жылжып жатыр. Зерттеушілер бил жыл басынан бері орыстар 360 шаршы шақырым жерді басып алғанын жазады. Бұл дегенің АҚШ-тың Детройт қаласының аумағымен бірдей жер.
ISW зерттеушілері АҚШ тез арада шешім қабылдамаса Ресейдің шабуылы жылдамдай түсетінін айтады. Сондықтан америкалық саясаткерлер көмекті кешіктіру арқылы 2024 және 2025 жылдары Ресейдің біршама табысқа жетуіне алып келетінін, тіпті орыстар жеңіске жетуі мүмкін екенін ескеруге тиіс екенін атап өткен.
Мақала авторы Фредрик Каган NATO- ның болашағы тікелей Украина тағдырына қатысты екенін атап өтті. Украина алянсқа мүше болып кіре ме, жоқ па, мәселе онда емес. Мәселе Украинадағы соғыстың қалай аяқталарына байланысты болып тұрғанында болса керек. Мақала авторы соғыстың бірнеше сценариін атап өткен. Егер Украина жеңсе бұл елдің армиясы NATO-ға мүше кез келген еуропалық елдің қарулы күштерінен қуатты болатынын атап өткен. Әрі алянсқа мүше болмаса да еуропалықтарды қорғайтыны айтады. Ал жеңілсе Ресей Украинаның қорғаныс өнеркәсібі кешенін, тіпті адами ресурстарын NATO-ға қарсы қолдануы мүмкін екенін болжайды.