Әлем

Өлген адамның атынан несие алмақ болды

Бразилияда бір әйел өліп қалған туысқан ағасының атынан несие алмақ болған. Ол банкке ағасының мүрдесін әкеліпті.

Ақпарат құралдарында тараған бейнежазбада әйелдің  өлген адамды  орындыққа отырғызып қойғаны көрінеді. Әйел өлген адамның қолына қалам ұстатуға тырысқан. Сөйтіп құжатқа қол қойғызып алмақ болыпты. Банк  қызметкерлері  мұны байқап қалып, полцияға хабар беріпті.