жексенбі, 29 наурыз, 2026 14:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Иран АҚШ-тың 500 миллион доллар тұратын ұшағын жойды

Иран АҚШ-тың 500 миллион доллар тұратын ұшағын жойды
Фото: t.me/iribnews
Америкалық алыс радиолокациялық анықтау және басқару ұшағы Boeing E-3 Sentry Сауд Арабиясындағы әуе базасына жасалған соққыдан зақымданды. Ирандық бұқаралық ақпарат құралдары әскери ұшақтың фотосын жариялады.

Суреттерден ұшақтың екіге бөлінгенін байқауға болады. Егер ақпарат ресми түрде расталса, бұл E-3 типіндегі ұшақтың тарихтағы алғашқы жауынгерлік шығыны болуы мүмкін.

Boeing E-3 Sentry көбіне AWACS (әуе кеңістігін бақылау және басқару жүйесі) атауымен белгілі. Ол командалық пункт пен радар саналады. Ұшақ төбесіндегі үлкен айналмалы радардың арқасында жердегі радарлар байқамайтын төмен ұшатын нысандарды анықтай алады. Оның бақылау радиусы 400 шақырымнан асады.

Стационарлық радарлардан айырмашылығы – AWACS әлемнің кез келген нүктесіне жылдам орын ауыстыра алады және оны баллистикалық зымыранмен жою әлдеқайда қиын. Ұшақ бортындағы офицерлер жойғыш ұшақтарды өздері жүргізіп, оларды нысанаға бағыттайды, әуеде жанармай құюды басқарады және әуе кеңістігінің қауіпсіздігін бақылайды.

Соңғы буындағы толық жабдықталған бір ұшақтың құны 400–500 миллион доллар немесе одан да жоғары бағаланады.

Иранның Сауд Арабиясындағы әуе базасына жасаған шабуылын америкалық БАҚ та растады. Хабарларға сәйкес, 12 америкалық әскери қызметкер жарақат алған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар