Қыз алып қашамын деп, түрмеге түсе жаздаған: маңғыстаулық жігіттің оқиғасы
Оны Алматы-Самара тас жолында, Жалағаш ауылының маңында ұстайды.
Шымкент соты студентті ұрлаған жаңаөзендік жігітке үкім шығарды. 2024 жылдың қаңтарында жас жігіт әлеуметтік желіде танысқан бойжеткенді ұрлау үшін Шымкентке келген. Ол бойжеткенмен желіде бірнеше ай сөйлесіп жүрген. 22 жастағы Маңғыстау облысының тұрғыны оған үйленемін деп шешім шығарады. Тіпті қыздың пікірімен де санаспаған.
Жігіт сондай үмітпен Шымкентке келеді. Сөйтіп ару интернатурадан өтіп жатқан емдеу мекемесіне барды.
Анықтама бөлмесіне келіп, курьер екенін айтып, оған қоңырау шалуды өтінеді. Бойжеткен сыртқа шыға салысымен «күйеу жігіт» оны күштеп көлікке отырғызып, алып кеткен. Бірақ полицейлер дер кезінде "ұрыны" ұстап үлгереді. Оны Алматы-Самара тас жолында, Жалағаш ауылының маңында ұстайды.
Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы «Адам ұрлау» бойынша істі қарады. Прокурор айыпталушыны төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің өзі қылмыскерді кешіріп, жазаны жеңілдетуді сұраған. Айыпты ескере отырып, Жаңаөзен тұрғынын шартты түрде соттады.