Әлеумет

Күдікті Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды

Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны үйдегі жанжалдан соң 2 тәулікке Түркістандағы Отырар ықшамауданынан пәтер жалдаған. Жантүршігерлік оқиға сол пәтерде болған

Күдікті Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды.

Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны үйдегі жанжалдан соң 2 тәулікке Түркістандағы Отырар ықшамауданынан пәтер жалдаған. Жантүршігерлік оқиға сол пәтерде болған, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Күдіктіні іздеуге облыстық Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Сонымен қатар көршілес аймақтар мен мегаполистерге бағыттамалар берілді. Осы қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірінде құрықтады.

Осы ретте полиция қызметкерлері тек ресми дереккөздерге  сеніп, жалған ақпарат таратпауға шақырды.