жексенбі, 29 наурыз, 2026 9:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады

Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады
istockphoto
Жауын-шашын, тұман түседі.

Жексенбі, 29 наурызда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады. Синоптиктер жауын-шашын мен тұман түсетінін ескертті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

29 наурызда Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

29 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

29 наурызда Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Ақтөбе қаласында 29 наурызда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с-қа жетеді.

29 наурызда түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Атырау қаласында 29 наурызда түнде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең тұман түседі.

29 наурызда күндіз Маңғыстау облысында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

29 наурызда Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары болады. Қызылорда қаласында 29 наурызда түнде шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

29 наурызда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Семей қаласында 29 наурызда түнде және таңертең тұман түседі.

29 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Өскемен қаласында 29 наурызда түнде және таңертең тұман түседі.

29 наурызда Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі.

29 наурызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Петропавл қаласында 29 наурызда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

29 наурызда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Орал қаласында 29 наурызда түнде және таңертең тұман түседі.

29 наурызда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Павлодар қаласында 29 наурызда тұман түседі.

29 наурызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 25 м/с-қа жетеді.

29 наурызда түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Шымкент қаласында 29 наурызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түркістан қаласында 29 наурызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

29 наурызда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Көкшетау қаласында 29 наурызда түнде және таңертең тұман түседі.

29 наурызда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар