сенбі, 28 наурыз, 2026 17:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда алаяқтарға алданған қария көшеде көз жұмды

Алматыда алаяқтарға алданған қария көшеде көз жұмды
Фото: tengrinews.kz
Алматыдағы зейнеткер алаяқтардың арбауына түсіп, оларға қомақты ақша аударған. Сол күні кешке ер адам жедел жәрдем келгенше көшеде қайтыс болған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, ол 21 наурызда таңертең базарға барған және сол жерде алаяқтардың арбауына түсуі мүмкін. Туыстарының болжамынша, белгісіз адамдар оны қала ішінде түрлі банкоматтарға апарып жүрген. Соның салдарынан қария сегіз адамның есепшотына шамамен 4 миллион теңге аударған.

Қайтыс болған кісінің немересі өз үндеуінде атасының қоңырауларға жауап бермегенін, алайда кезекті қоңырауға бейтаныс ер адам жауап беріп, кейін телефонды атасына бергенін айтты. Оның сөзінше, арғы жақтан бөгде дауыстар естілген.

Соңғы сөйлесу кезінде зейнеткер аялдамаға қарай бара жатқанын айтып, алаяқтарға тап болғанын растаған. Сол сәтте оның жағдайы күрт нашарлап, көшеде құлап қалған. Куәгерлер алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырғанымен, ер адам дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазір күдіктілердің жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр", - делінген Алматы полициясының хабарламасында.

Қыз атасына көмектесуге тырысқан барлық адамға алғысын айтып, осы оқиғаға қатысты қандай да бір мәлімет көрген немесе білетін жандардан хабар беруін сұрады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар