жұма, 27 наурыз, 2026 18:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Анасы мен қызын өлтірді деген күдікке ілінген ер азамат өзіне қол жұмсаған

Анасы мен қызын өлтірді деген күдікке ілінген ер азамат өзіне қол жұмсаған
ЖИ салған сурет
Ол тіркелген мылтықпен өзіне оқ атып, көз жұмған.

26 наурызда Қарағандыда 38 жастағы анасы мен кәмелетке толмаған қызының мәйіті табылған еді. Бүгін, 28 наурыз күні осы істе күдікті деп танылған ер адамның өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Қарағандыда 38 жастағы әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікке ілінген 39 жастағы ер адамның мәйіті Ақтоғай ауданынан табылды. Полиция департаментінің мәліметіне қарасақ, ол тіркелген мылтықпен өзіне оқ атып, көз жұмған.

«Қарағанды облысының криминалды полиция қызметкерлері Ақтоғай ауданы аумағында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды қаласында әйел мен оның қызын өлтірді деп күдікке ілінген 39 жастағы ер адамның денесін тапты», – деп хабарлады облыстық полиция басқармасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін біз 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының мәйіті табылғаны жайлы хабарлаған едік. Марқұмдардың денесінде күш көрсеткен зорлық-зомбылықтың белгілері анықталған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар