жұма, 27 наурыз, 2026 15:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Наурыз – жат мереке": бейнероликтен кейін діни алауыздықты қоздыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

"Наурыз – жат мереке": бейнероликтен кейін діни алауыздықты қоздыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
фото: скрин
Бұл туралы TikTok-та жарияланған болатын.

TikTok-та жарияланған Наурыз туралы бейнероликтен кейін діни алауыздықты қоздыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  

Полиция қызметкерлері діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Биыл 23 наурыз күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында TikTok-та жарияланған, Наурыз мерекесіне қатысты діни және этномәдени сипаттағы жария мәлімдемелер бар бейнематериал анықталды.

Жедел іс-шаралар барысында 1991 жылы туған күдікті анықталып, ұсталды. Кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін интернетте ер адамның Қазақстан үшін Наурыз жат мереке екенін айтып, оны Ғашықтар күнімен салыстырғаны және «Персиядан келген пұтқа табынушылық рәсімі» деп атағаны көрсетілген бейне тараған болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар