Қоғам

Шавкат Рахмоновтың әйелі бес жылға бас бостандығынан айырылды

ҚК 74-бабының 1-бөлігінің негізінде жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматша Гүлайым Рахмоноваға қатысты абайсызда 2 адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Соттың ақпаратынша, 2025 жылғы 27 шілдеде сағат 8:30 шамасында Р. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы «Алматы-Екатеринбург» тас жолында «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлігін басқарған. Шаршаған күйінде болған Р. жол ережесін бұзды, көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шықты, содан кейін оның көлігі аударылды. 

Сотталушының 2 жастан 9 жасқа дейінгі 4 баласы бар. Сот жас балалардың болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде анықтады, ауырлататын мән-жайлар анықталмады. 

Сот үкімімен Р. ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 7 жыл мерзімге автокөлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

ҚК 74-бабының 1-бөлігінің негізінде жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды.