жұма, 27 наурыз, 2026 13:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

90-жылдардағы “мажорлардың” уақыты өтті – Бақытжан Базарбек

90-жылдардағы  “мажорлардың” уақыты өтті – Бақытжан Базарбек
Мәжіліс
Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында айтылды.

Алматының Әл-Фараби даңғылы элиталық спорткар иелері үшін ешқандай ереже сақталмайтын «қауіпті аймаққа» айналды. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек осылай деп мәлімдеп, Ішкі істер министрлігінің қатарын заң бұзушыларды «төбесіне көтеретін» қызметкерлерден тазартуды талап етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Өзі де осы даңғылдың бойында тұратын парламентарий «алтын жастардың» түнгі жарыстары күнделікті үйреншікті жағдайға айналғанын, ал полицияның бұған көз жұма қарайтынын ашып айтты. Депутаттың пікірінше, мәселе заңның жоқтығында емес, оның тек таңдамалы түрде қолданылуында болып отыр.

«Мен өзім Алматыда Әл-Фараби даңғылында тұрамын және күн сайын осы спорткарлар мен элиталық көліктердің қалай ұшатынын көремін. Шыны керек, оларға айппұл салынғанын, біреудің жұмыстан қуылғанын немесе жауапқа тартылғанын көрмейміз. Біз ішкі істер органдары мен құқық қорғау жүйесін осындай “мажорлармен” сыбайлас адамдардан тазартуымыз керек», – деді Бақытжан Базарбек.

Мәжілісменнің сенімінше, жүйеде заң бұзушыларды қорғаштайтындар жұмыс істеп тұрғанда, ешқандай камера немесе патруль жағдайды түзей алмайды. Ол ІІМ-де туыстық пен жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты жою үшін қатаң ревизия жүргізуге шақырды.

«90-жылдардағы мынадай “мажорлардың” уақыты өтті. Көліктің маркасына немесе ата-анасының әмиянына қарамастан, заң бәріне бірдей жұмыс істеуі тиіс», – деп түйіндеді депутат.

Бұл мәлімдеме Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған резонансты жол апатынан кейін жасалып отыр. Бұған дейін ІІМ аталған оқиғадан соң Алматы полициясының бірнеше жоғары лауазымды басшысын қызметінен босатқан болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар