Қоғам

Су тасқынының екінші толқыны басталды

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені суы екінші рет көтеріліп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені суы екінші рет көтеріліп жатыр. Тоқсан би гидрология бекетінде су деңгейі бір тәулікте 95 см-ге жоғарылады.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Есіл өзені Тоқсан би ауылының жанында 16 сәуір күні таңертеңнен бастап көтеріліп жатыр. Сондай-ақ Долматово елді мекенінің жанында да өзен деңгейі 20 см-ге биіктеген.

Мұндағы қауіпті деңгей 1450 см болса, қазір 1532-ге жеткен. 

Петропавлда екінші күн өзгеріссіз. Ал мұндағы су қоймасында деңгей -5 см-ге түсті. 

Су тасқынының екінші толқынының келуінен Сергеев су қоймасында деңгейі 3 см-ге жоғарылаған. 

Ал шағын өзендерде су қайтып жатыр. Мәселен Бабықбұрлықта өткен тәулікте 126 см-ге, Ақанбұрлықта 120 см-ге түскен.