Қоғам

"Біреулер келген": 3 адам көз жұмған жол апаты туралы жаңа мәліметтер пайда болды

Бұл бап бойынша кінәлі адамға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

21 наурыз күні Алматы қаласында Әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болып, 3 адам көз жұмды. Осы оқиғадан кейін Мұрат Әбенов сол көшелерге шығып тұрып, жүйіткіген көліктерге полиция көз жұма қарайтынын айтқан еді. Бүгін ол отбасына әлдекімдердің келгенін, олардың шошып қалғанын және сондықтан олардың тергеудің әділ өтетініне күмәнданғанын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Депутат Мұрат Әбенов марқұмдардың отбасындағылар неліктен тергеу барысына күмәнмен қарағанын айтты. 

Айта кетейік, Алматы қаласының Әл-Фараби даңғылында 21 наурыз күні жол апаты болып, 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Полиция бұл оқиғаны ҚР ҚК-ның 345-бабының 4-бөлімі бойынша тергеп жатыр. Бұл бап бойынша кінәлі адамға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Осы оқиғадан кейін үш шенді полицей жұмыстан қуылып, заң бұзушылықтар анықталды.