бейсенбі, 26 наурыз, 2026 19:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қарағандыда ер адам өзін өртемек болыпты

Қарағандыда ер адам өзін өртемек болыпты
фото скрин
Оқиға "Горняк" базарының маңында өрбіген.

Қарағандыдағы «Горняк» базарының маңында ер адам өзін-өзі өртемек болды, деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасады.

Куәгерлердің айтуынша, саудагерге өзінің контейнерлерін алып шығуға рұқсат берілмеген. Осыдан кейін базар әкімшілігімен жанжал басталған. Жағдай бақылаудан шығып, 33 жастағы ер адам үстіне бензин құйып, өзін өртейтінін айтып сес көрсеткен.

Соңында «Горнякқа» барлық шұғыл қызметтер жиналды. Ер адаммен полицейлер мен әкімдік өкілдері сөйлесті.

Полицейлердің араласуынан кейін ер адам өзін өртеу ниетінен қайтты.

Осыдан кейін ол әкімдікке жеткізілді, қазіргі уақытта онымен жұмыс жалғасып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар