Президент: Forbes тізіміне кіретін ірі кәсіпкерлер әр облысқа бекітіліп, көмек көрсетеді
- авторОймақ
- 16 сәуір, 2024
- 692
Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен халыққа нақты көмек көрсетуде бизнесмендердің рөлі зор екеніне айрықша назар аударды.
Президент Forbes тізіміне кіретін қазақстандық ірі кәсіпкерлер әр облысқа бекітіліп, көмек көрсететінін айтты.
“Біздің елімізде Forbes тізіміне кіретін ірі кәсіпкерлер бар. Олармен арнайы кездесеміз. Олар әр облысқа, ауданға, елді мекенге бекітіледі және нақты жауапкершілік жүктеледі. Бұл бір жағынан кәсіпкерлердің мүддесіне сай келеді. Өйткені олар өздерінің қосқан үлесінің нақты нәтижесін көретін болады. Халқына қайырымдылық жасаған азамат ретінде сіздердің де есімдеріңіз мемлекет тарапынан елеусіз қалмайды деп ойлаймын”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар президент еріктілерге зор құрметпен қарайтынын және жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтіп, оларға ризашылық білдірді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.