бейсенбі, 26 наурыз, 2026 15:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда 18 жүк көлігін заңсыз тіркегендер сотталды

Алматыда 18 жүк көлігін заңсыз тіркегендер сотталды
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
Соттың үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыруға сотталған.

Арнайы прокурорлар Алматы қаласының Арнайы ХҚКО қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Тергеу нәтижесінде 2023 жылы Арнайы ХҚКО-ның 5 қызметкері 18 жүк көлігін жалған құжаттар бойынша заңсыз тіркеп, олардың нақты шығарылған жылын бұрмалағаны анықталды.

"Құқыққа қарсы әрекеттердің нәтижесінде көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым ретінде көзделген 164 млн теңге мемлекеттік бюджетке толық түспеді. Кешенді жүргізілген тергеу әрекеттері мен сот сараптамаларының нәтижесі айыпталушылардың құқыққа қарсы әрекеттерін толығымен растады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді", - делінген хабарламада.

Соттың үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыруға сотталған.

 

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар