Қоғам

Тұман, көктайғақ күтіледі: 26 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті

Қар аралас жаңбыр жауады.

"Қазгидромет" синоптиктері 26 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыста жаңбыр жауып, солтүстікте қар аралас жаңбыр болуы мүмкін.

Республика бойынша тұман мен көктайғақ күтіледі.

Күндізгі ауа температурасы:

батыста және солтүстік-батыста +15…+25°C,

солтүстікте және шығыста +10…+17°C,

орталықта +13…+24°C,

оңтүстікте +30°C дейін,

оңтүстік-шығыста +18…+27°C.