Руханият

"Қыз-келіншектер өзін таниды деп ойлаймын": танымал журналист кітап жазып жатқанын айтты

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында кітап жазып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.

Айтуынша, кітап өзінің өмірі жайлы болмақ. Журналист туындысын баспаға тапсырғанын, күзде жарыққа шығатынын жеткізді.

Айта кетейік, Дана Нұржігіт 2019 жылы екінші рет тұрмысқа шыққан болатын. Алайда екі жылдан аса уақыттан кейін ажырасқан. Бұрынғы күйеуі психологиялық және моральдық тұрғыда қысым көрсетіп, сталкинг жасағанын айтқан еді.