жұма, 20 қыркүйек, 2024 14:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Тағы бір Салтанат": ер адам қамауға алынды

"Тағы бір Салтанат": ер адам қамауға алынды
фото: скрин
Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, бұрынғы әйеліне қол көтерген ер адам ұсталған.

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында ер адам бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан болатын. Полиция видео кейіпкері қамауға алынғанын айтты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде тараған кадрда ер адам әйелдің телефонын сындырып, содан кейін оны ұрады. Жазба авторы жәбірленуші әйелдің есімі Салтанат екенін жазған. Әйел 11 жылдық некеден кейін ажырасуға шешім қабылдап, балаларын алып, Тараздан Алматыға көшіп келген. Алайда автордың айтуынша, қазір бұрынғы күйеуі келіп, оны аңдып, мәжбүрлеп қайтаруға тырысып жатыр.

Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, бұрынғы әйеліне қол көтерген  ер адам ұсталған.

"Ұрғаны және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін ол сот шешімімен 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, айыппұл салынды", - деп жауап берді департамент өкілі Massaget.kz-ке.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар