Қоғам

Тауда қар көшкіні жүрді: ТЖД ескерту жасады

Құтқарушылар қар көшкінін тудырмас үшін азаматтардан таулы аймақтарға баруды шектеуді және қарлы беткейлерге шықпауды сұрайды.

Алматы тауларында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы  Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

16 сәуірде "Қазселденқорғау" диспетчерлері Медеу ауданындағы (Альпі лагері аймағы) қар көшкіні жүретін жерлерде көлемі 4000 текше метр қар көшкіні болғанын хабарлады. Қар массасы өзен арнасында тоқтаған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Қазгидромет" синоптиктеріне Алматының Үлкен және Кіші өзендері бассейндерінде жауын-шашынның көп түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүру қаупі сақталып отырғаны туралы №17 ескерту келіп түсті", - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД.

Төтенше жағдайлар департаменті өңірде қар көшкіні қаупі әлі сақталып отырғанын еске салады. Құтқарушылар қар көшкінін тудырмас үшін азаматтардан таулы аймақтарға баруды шектеуді және қарлы беткейлерге шықпауды сұрайды.