Әлеумет

"Ұршықты кері иіру": су тасқынына қарсы ырым-тыйымдар жасаған видеолар таралды

Желіде тараған видеоның бірінде әже ұршықты теріс иіріп, басындағы ақ орамалын жайып, судың тез қайтуын тілеп жатыр.

Әлеуметтік желіде су тасқынына қарсы түрлі ырым-тыйым жасаған видеолар тарап жатыр. Бірі су атасы Сүлейменнен кешірім сұраса, енді бірі ұршықты теріс иіру керек дейді. Енді бірі келіншектер суға сүтін сауса, су тоқтайды дегенді айтады. 

Желіде тараған видеоның бірінде әже ұршықты теріс иіріп, басындағы ақ орамалын жайып, судың тез қайтуын тілеп жатыр. 

Тілек тілеген әже: “Су патшасы Сүлеймен, ағысыңды теріс бұр. Иіріміңді халыққа емес, кең жазық далаға бұр. Аллаһым, халқыма тыныштық бер”, – дейді.

Оған қарсылық танытып, әженің бұл іс-әрекетін теріске санап жатқандар да баршылық. Сондай видеоның бірі әлеуметтік желіде тараған. Оған оқырмандардың бірі "әже дұрыс істеді. Бұл ешкімге және әшнәрсеге зияны жоқ фольклор" деп қолдау білдірген.