"Ана ретінде мені түсініңіздер" – Альмира Нұрлыбекова
Жеке медициналық сот сараптама қорытындысын Ресейдің екі маманы мен Қазақстанның бір маманы жасаған.
Астанада Бишімбаев ісіне қатысты сот жалғасып жатыр. Бүгін сотта Бишімбаевтың анасы сөйледі. Бүгінгі сот – сан жағынан 11-ші сот отырысы.
Сот барысында Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова сараптама қорытындылары істен алынып тасталса, өз ұлының қорғанғысы келетін конституциялық құқығы шектеледі деп есептейтінін жеткізді. Жеке медициналық сот сараптама қорытындысын Ресейдің екі маманы мен Қазақстанның бір маманы жасаған.
– Сол себепті соттан, прокурордан, алқа билерден, жәбірленуші тараптан ана ретінде жүрегіммен мені түсінуді сұраймын, - дейді ол.