Мырзатай Жолдасбеков референдумда өз таңдауын жасады
Қоғам қайраткері референдумның ел болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков республикалық референдумға қатысып, өз азаматтық ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Қоғам қайраткері сайлау учаскесіне келіп, дауыс беру рәсімінен өтіп, өз таңдауын жасады.
Мырзатай Жолдасбеков референдумның ел болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтіп, барлық азаматты дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.
Айта кетейік, республикалық референдумда азаматтар өз таңдауын жасап, елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетуде.