Экономика

Ақмола облысында кәсіпорын жұмысшылардың жалақысын төлемеген

Кәсіпорынның 51 қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды.

Ақмола облысының Егіндікөл ауданының прокуратурасы тексеріс жүргізіп, жұмысшылардың жалақысын төлемеу фактісін анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

«Егіндікөл Су Арнасы» ШЖҚ МКК-нің жалпы сомасы 7 млн теңгені құрайтын жалақы берешегі жиналған.

Қадағалау актісі бойынша қарыз толық көлемде өтеліп, жауапты лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, кәсіпорынның 51 қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды.