Атыраудағы Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр
Соңғы 24 сағатта өзен тағы 14 сантиметрге көтерілді.
Атыраудағы бақылау-өлшеу стансасында қазір өзен деңгейі 387 сантиметрді құраса, су тасқыны басталғаннан бері 196 сантиметрге көтерілген, деп хабарлайды «Қазгидромет». Су деңгейі одан да әрі көтерілуі мүмкін екенін айтады мамандар.