Қайрат Сатыбалдыұлы ісі: тағы қосымша 44,6 млрд теңге қайтарылды
Мемлекетке 44,6 миллиард теңге қайтарылды
Мемлекетке тағы 44,6 миллиард теңге қайтарылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 млрд теңге қайтарды.
Қазір қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.
Еске салайық, 2023 жылы желтоқсанда Қайрат Сатыбалдыұлы 55 миллиард теңгеден аса ақшаны мемлекетке қайтарған болатын. Антикор Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеру шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті қайтарып жатқанын хабарлаған болатын.