Қоғам

14 наурыз: Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Бұл туралы Қазгидромет ескертті.

14 наурызда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

ТЖМ мәліметінше, 14 наурызда Қазақстанның 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. 

Қостанай, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Жетісу облыстары: Кей жерлерде тұман күтіледі. Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды және Ұлытау облыстары: Тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Ақмола облысы: Түнде және таңертең қар жауып, жаяу боран соғады, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары: Жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу боран және көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысы: Күндіз облыстың орталығы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысы: Облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түсіп, желдің екпіні 18 м/с дейін күшеюі мүмкін.