Бұл – шынайы құрметке лайық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биатлоншы Ербол Хамитовты Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Президент спортшының табанды еңбек пен ерік-жігердің арқасында қиын жолды еңсеріп, керемет жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. Бұл – шынайы құрметке лайық.
Қазақстан құрама командасының ту ұстаушысы бұған дейін шаңғы жарысынан Паралимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовке жарқын жеңіс, қажымас қайрат және зор денсаулық тіледі.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





