Бетперде киген жігіт 450 млн теңге аударды
Бірігіп, бұл қиындықты жеңеміз
Әлеуметтік желіде бетперде киіп, халыққа көмек жасап аты шыққан бетперделі жігіn су тасқынынан зардап шеккен халыққа 450 млн теңге аударды. Бетперде киген жігіттің бұған дейін де біраз адамға қайырымдылық жасаған видеолары әлеуметтік желіде тараған еді. Бұл жолы да қайырымды жігіт су тасқынынан еліміз зардап шегіп жатқанда, тыс қалуды жөн көрмепті.
Бетперде киген жігіт желідегі үндеуінде ел ең ауқымды көктемгі су тасқынына тап болып, 10 өңірде төтенше жағдай жарияланғанын, дәл қазіргі таңда 108 мың адам эвуакацияланғанын айтып, 5000-нан астам үй судың астында қалып, 8000-нан астап үй жануары қырылғанын айтып өтеді.
– Қазір су тасқынының екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Осыған байланысты зардап шеккендерге 1 миллион доллар аударамыз. Бұл 450 миллион теңге. Еріктілерге, гуманитарлық көмек көрсетіп жатқан азаматтарға алғыс білдіреміз. Бірігіп, бұл қиындықты жеңеміз, - дейді бетперде киген жігіт.