жұма, 13 наурыз, 2026 11:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Арыс ауданында жоқ малға субсидия алып, алаяқтық жасаған әйел сотталды

Арыс ауданында  жоқ малға субсидия алып, алаяқтық жасаған әйел сотталды
Фото: freepik.com
Прокуратура аса ірі мөлшерде алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Арыс ауданында агроөнеркәсіп саласында аса ірі мөлшерде бюджет қаражаты жымқырылған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Orda.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бас прокуратура мәліметінше, «Ы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы 2021 жылдың сәуір айында ақпараттық жүйеге 2470 бас аналық ірі қара малды жалға алғаны туралы жалған мәлімет енгізген. Сондай-ақ селекциялық жұмыс жүргізу үшін 120 бас асыл тұқымды бұқаны жалға алғанын мәлімдеген. 

Нәтижесінде оның кооперативтің банктік есепшотына 24 700 000 теңге көлемінде субсидия қаражаты аударылған.

 «Алайда іс жүзінде селекциялық жұмыстар тек 18 бас асыл тұқымды бұқа және 450 бас аналық ірі қара малға ғана жүргізіліп, заңсыз алынған субсидия сомасы 20 200 000 теңгені құраған», деп хабарлады бас прокуратура.

Прокуратура аса ірі мөлшерде алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Төрайым кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар