Қоғам
Ақтөбеде жасөспірім қызды зорлау фактісі бойынша әскери қызметшіге сот үкімі шықты
- авторОймақ
- Бүгін, 09:06
- 169
Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызға қатысты жыныстық зорлық фактісі бойынша айыпталған әскери қызметшіге сот үкім шығарды.
Агенттіктің Әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Қылмыстық кодексінің "Зорлау" бабы бойынша тергелген іс жабық сот процесінде қаралды.
Сот отырысы елордадағы Әскери сотта өтті.
"Сот отырысы екі тараптың да құқықтарын қорғау үшін жабық өтті. Сол себепті қосымша ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Әскери қызметші осы қылмыс үшін кінәлі деп танылып, 15 жарым жылға бас бостандығынан айырылды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала





