бейсенбі, 12 наурыз, 2026 21:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қайын жұртын өлтірді деген күдікке ілінген Сәрсемалиев қанша жылға сотталуы мүмкін

Қайын жұртын өлтірді деген күдікке ілінген Сәрсемалиев қанша жылға сотталуы мүмкін
smartnews.kz коллажы
"Бұл аса ауыр қылмыс ғой".

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Атырау облысында төрт адамды өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевтің қанша жылға сотталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Alashorda.kz.сайтына сілтеме жасап.

Журналистердің "төрт адамды өлтірген адамға қандай жаза тағайындалуы мүмкін?" деген сұрағына депутат нақты бапты толық білмейтінін, бірақ мұндай қылмыс үшін ауыр жаза қарастырылатынын жеткізді.

"Баптың санкциясын толық білмеймін. Бірақ 12 жылдан жоғары болуы керек. Бұл – аса ауыр қылмыс қой", – деді Үнзила Шапақ.

Еске салайық, 2025 жылдың 25 желтоқсанында Атырау облысының полициясы із-түссіз жоғалған бір отбасының төрт мүшесіне іздеу жариялаған болатын. Кейінірек бұл отбасының қызы мен күйеу баласының да жоғалғаны анықталды.

Іздеу барысында ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіттері өздері тұрған үйдің ауласынан табылған. Тергеу барысында отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев негізгі күдікті ретінде танылды. Ал оның жұбайы, жоғалған отбасының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде іздеу жарияланды.

Кейіннен күдіктілер Индонезияда ұсталды. Оларды ұстау операциясына Интерполдың Ұлттық орталық бюросы, Солтүстік Ломбок полициясы және көші-қон қызметінің өкілдері қатысқан.

Полиция мәліметінше, Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева 2025 жылдың 14 желтоқсанында Малайзияның Куала-Лумпур қаласынан Бали аралына барған. Кейін олар Ломбок аралына көшіп, сол жерде ұсталғанға дейін тұрған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар