бейсенбі, 12 наурыз, 2026 14:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Димаштың әкесі сотқа берді» - тиктокер

«Димаштың әкесі сотқа берді» - тиктокер
коллаж Oimaqnews
Әлеуметтік желіде қазақстандық өнер жұлдыздарына қатысты өткір пікір айтып жүрген тиктокер Берік Сәбитұлы өзін әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі сотқа бергенін мәлімдеді.

Бұл туралы Oimaqnews.kz хабарлайды. Соңғы уақытта Берік Сәбитұлы TikTok желісінде қазақстандық шоу-бизнес өкілдерін сынап, олардың шығармашылығы мен жеке өміріне қатысты түрлі видеолар жариялап жүрген. Ол кейбір танымал өнер адамдарына ауыр сөз айтып, тіпті алаяқтыққа қатысты айыптаулар да жасаған.

Бұған дейін тиктокер әнші Димаш Құдайберген мен эстрада әншісі Сәкен Майғазиев туралы да сыни пікір білдіріп, бірнеше видео жариялаған еді. Бұл жазбалар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланған.

Жуырда жариялаған видеоларының бірінде Берік Сәбитұлы өзіне қатысты сотқа шағым түскенін айтты.

«Мені Димаштың әкесі сотқа беріпті. Димаш деген алаяқ, сатқынның әкесі мені сотқа беріпті. Маған тікелей хабарласып, сөйлессе, мен жаңағы видеоны алып тастар едім. Бірақ олар менімен келісімге келмеді. Олар өте қорқақ. Мені сотқа берген. Бұл жігіттікке жатпайды», – деді ол.

Сонымен қатар тиктокер тағы бір видеода әншінің атына ауыр сөз айтып, «Димаш қыз, сондықтан да үйленбей жүрген сияқты» деген пікір білдірген.

Қазіргі уақытта Димаш Құдайберген немесе оның отбасы бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Әлеуметтік желідегі бұл мәлімдемелердің қаншалықты рас екені де нақты расталмаған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар