Астанадағы соғыс ардагерлері 2 миллион теңгеден төлем алады
Биыл Астанада соғыс ардагерлерге төленетін төлем сомасы екі есеге ұлғайып, 2 млн теңгеге жетті.
Бұл туралы қала әкімінің ресми сайты хабарлаған. Ал оларға теңестірілген азаматтар 166 мың теңге көлемінде бір реттік төлем алады.
Сонымен қатар, дереккөзге сүйенсек, басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарының ардагерлері 45 АЕК (166 140 теңге), "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа адамдар (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған ҰОС мүгедегінің жұбайы (зайыбы) – 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде төлем алады.