бейсенбі, 12 наурыз, 2026 10:56

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шығыста екі жетім баланың жәрдемақысын төлемей қойған

Шығыста екі жетім баланың жәрдемақысын төлемей қойған
istockphoto.com
Бұл туралы Алтай ауданының прокуратурасы анықтап, тексеру жүргізген.

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының прокуратурасы жергілікті тұрғынның қамқорлығындағы немересінің әлеуметтік құқықтарының бұзылуына қатысты өтініш негізінде тексеру жүргізді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Тексеру барысында өтініш иесінің 2023 жылдың тамыз айынан бастап кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатыны анықталған. Алайда қолданыстағы заң талаптарына қарамастан, 2023 жылдың тамызынан 2026 жылдың қаңтарына дейін балаға асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақы тағайындалмаған және төленбеген.

Аталған дерек бойынша аудан прокуроры уәкілетті органның атына прокурорлық ден қою актісін енгізді. Қадағалау органының араласуынан кейін мектепте оқитын кәмелетке толмаған балаға өткен кезең үшін 575 мың теңге көлеміндегі берешек төленді. Сонымен қатар оған ай сайын 46 783 теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындалды.

Сондай-ақ колледждің күндізгі бөлімінде білім алып жүрген оның кәмелетке толған ағасының да әлеуметтік құқықтары қалпына келтірілді.

Қазіргі уақытта қамқорлықтағы тұлғалардың әлеуметтік құқықтары толық қамтамасыз етіліп, тиісті төлемдердің жүргізілуі бақылауға алынды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар