Әлеумет

«Салауатты Астана» ЖШС ұжымымен ақпараттық-түсіндірме кездесу өтті

Жалпыұлттық коалиция өкілдері «Салауатты Астана» ЖШС ұжымымен, оның ішінде медициналық қызметкерлермен ақпараттық-түсіндірме кездесу өткізді, деп хабарлайды Oimaq.kz

Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары егжей-тегжейлі түсіндіріліп, заңдық өзгерістердің қоғамға және медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметіне туралы айтылды. Әсіресе азаматтардың құқықтары, мемлекеттік басқарудың тиімділігі және реформалардың денсаулық сақтау саласына әсері басты назарға алынды.

Іс-шараға мәслихат депутаттары Мадина Ажикенова, Мейрамгүл Қабдығалиева, коалиция мүшесі Болатбек Айткей қатысты.