Қоғам

Қарағандыда тағы да терезеден бала құлады

Бес қабатты үйдің үшінші қабатынан ересектердің қарауынсыз қалған бүлдіршін құлады. Қазіргі таңда бала ауруханаға жатқызылды.

Оқиға өткен демалыс күндері, 13 сәуірде орын алды. Құлағаның салдарынан ол түрлі жарақаттар алған.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Теміртауда да осындай жағдай орын алған. Онда қараусыз қалған үш жасар бала бірінші қабаттың терезесінен құлап түсті. Орташа дәрежеде ауруханаға жатқызылған болатын.

Статистикаға сүйенсек, Қарағанды облысы аумағында 2023 жылы 25 терезеден құлау фактісі тіркелген.