сәрсенбі, 11 наурыз, 2026 11:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Ордабасы” капитаны қамауға алынды

"Ордабасы” капитаны қамауға алынды
Фото: видеодан скрин
Шымкент қаласында жастар командалары “Ордабасы” мен “Ақтөбе” футбол клубтарының арасындағы матч жаппай төбелеспен аяқталды.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция мәліметінше, жанжалдың басталуына "Ордабасы" командасының капитаны себеп болған.

Қазіргі уақытта іс "Бұзақылық" бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл бап бойынша айыппұл салудан бастап екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

"Оқиғаға қатысқан барлық адамдар мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Тергеу барысында жанжалды “Ордабасы” командасының капитаны бастағаны анықталып, ол қамауға алынды", – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, оқиға жастар командалары арасындағы матч кезінде болған. Ойынның екінші таймының басында алаңда жанжал туындап, арты жаппай төбелеске ұласқан. Алдын ала мәлімет бойынша, даулы оқиғаны алаң иелерінің капитаны бастаған.

Қақтығыс салдарынан "Ақтөбе" командасының екі ойыншысы ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі Әмір Төлеев.

Оның жақ сүйегі сынып, бірнеше тісі сынған. Тағы бір футболшы ерні мен иегінен ауыр жарақат алған.

Оқиғадан кейін матчты тоқтатуға тура келді.

Бұл ақпаратты кейін "Ақтөбе" футбол клубының баспасөз қызметі де растады. Клубтың мәліметінше, жарақат алған екі жас ойыншы ауруханаға жеткізілген. Футболшылардың бірінің жақ сүйегі сынғандықтан, оған ота жасалатыны айтылды.

Клуб өкілдері орын алған жағдайды қатаң айыптап, құзырлы органдар істі жан-жақты тексереді деген үміт білдірді. Сонымен қатар "Ақтөбе" клубы жарақат алған ойыншылардың тезірек сауығып кетуін тілеп, олардың ем алуына қажетті барлық көмекті көрсететінін мәлімдеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар