Оралда хайуанаттар бағын да су басты
Оралда су басу салдарынан хайуанаттар бағындағы жануарлар эвакуацияланды.
Оралда жануарлар экологиялық-биологиялық орталықтан шығарылды. Себебі оның аумағының бір бөлігін су басты.
Экологиялық-биологиялық орталық Шаған өзенінің жағасында орналасқан. Оның аумағының бір бөлігін су басқан. Хайуанаттар бағында 90 түрдегі 250-ден аса жануар бар.
"Әрине, бұл жануарлар үшін жүрегім ауырады. Өйткені олар біздің көз алдымызда өсіп келеді. Біз оларды мұндай жағдайда қалдыра алмаймыз", – деді орталық директоры Фатима Кержикова.