Таным

«Байқоңыр» ғарыш айлағы жайында 10 қызық дерек

Oimaqnews.kz «Байқоңыр» ғарыш айлағы жайында 10 қызық деректі ұсынады.

  1. «Байқоңыр» ғарыш алаңы әлемдегі тұңғыш, әрі ең ірі ғарыш айлағы болып табылады. Аумағы 6717 шаршы шақырымнан асады. Ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке – 75 шаршы, батыстан шығысқа дейін 90 шақырымға жуықтайды.
  2. «Байқоңыр» ғарыш айлағының іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан.
  3. Ғарыш айлағының Байқоңыр қаласы аумағынан салынуының да өзіндік себебі бар. Бірінші кезекте ғарыш алаңы орналасқан аумақты елді мекендерден қашық орналасуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракетаның ұшырылуы мен ғарыштық обьектілердің қонуының қолайлылығы сынды факторлар себеп болған.
  4. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандардың ұшу жолы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр.
  5. Ғарыш кешенінен тұңғыш рет Жердің жасанды серігі 1957 жылғы 4 қазанда сәтті ұшырылды.
  6. 1961 жылдың 12 сәуірінде адамзат тарихында алғаш рет Ю.А. Гагарин «Восток» кемесімен  ғарышқа ұшты.
  7. Әр жылдары Байқоңырдан «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық станциялары, байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын «Протон», «Прогноз», «Зонд» ракеталары, «Молния», «Экран», «Горизонт», «Метеор», «Радуга» секілді метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған құрылғылар ұшырылды.
  8. 1991 жылдың 2 қазанында Байқоңыр айлағынан тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен  ғарышқа көтерілді. 1994-1998 жылдары Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Талғат  Мұсабаев ғарышта 2 рет болды. Ал 2015 жылдың 2 қыркүйегінде үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов Байқоңырдан көкке көтерілді.
  9. Қазіргі таңда ғарыш айлағына қарасты Байқоңыр қаласында 57 мың 441 халық тұрады. Оның ішінде 40 мың 615 адам Қазақстан Республикасының азаматтары болса, 15 мың 507 адам Ресей Федерациясының үлесіне тиесілі. Ал қалған 1319 адам басқа мемлекеттердің азаматтығына ие.
  10. Айлақта 9 ұшу кешені, ғарыш аппараттары мен зымыран тасығыштарды құрастырып, сынақтан өткізілетін 11 ғимарат, ғарыш аппараттары мен екпінді блоктарға отын және сығылған газды құюға арналған 3 станса, 2 аэродром және өлшеу кешені бар.