сейсенбі, 10 наурыз, 2026 12:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 8 585 қазақстандық аман-есен үйлеріне оралды

Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 8 585 қазақстандық аман-есен үйлеріне оралды
Көлік министрлігі
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан азаматтарды эвакуациялау жұмыстарының аралық қорытындысын жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, эвакуация басталғаннан бері 8 585 қазақстандық аман-есен үйлеріне оралды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Қазіргі уақытта еліміздің Сыртқы істер министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, қауіпті аймақта қалған отандастарымызды қайтару бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр. Дипломаттар жергілікті жерлердегі жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі құзыретті органдармен бірлесіп, Таяу Шығыс қақтығысы аймағынан азаматтарымызды қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда», — деп атап өтті ведомство өкілдері.

Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері оқиға орнындағы іс-қимылдарды үйлестіріп, сонда жүрген отандастарымызбен тұрақты байланыс орнатқан. Мемлекет азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар