Қоғам

Таразда жолаушы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған

Таразда қоғамдық көлік жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасалды.

Оқиға 9 наурызда №11 қалалық автобус салонында кешкі уақытта болған. Желіде жанжалдың видеосы пайда болды.

Куәгерлердің айтуынша, мас жолаушы маршруттың уақыты аяқталғанына қарамастан жүргізушіден жүруді талап еткен. Салдарынан жанжал шығып, төбелес кезінде жүргізуші пышақ жарақатын алған.

Зардап шеккен жүргізуші қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оның жағдайы туралы ақпарат жоқ.