Қазақстан Израильден отандастарымызды эвакуациялауға көмек сұрады
Сыртқы істер министрі телефон арқылы сөйлесті.
Қазақстан билігі Израиль тарапынан осы елде жүрген отандастарымызды эвакуациялауға жәрдемдесуді сұрады. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Израильдің Сыртқы істер министрі Гидеон Саардың телефон арқылы сөйлесуі кезінде көтерілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Ведомство басшылары Таяу Шығыстағы қазіргі шиеленісті жағдайды және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Келіссөз барысында Ермек Көшербаев қазақстандықтарды қауіпсіз жерге шығару мәселесі мемлекет үшін ең маңызды басымдық екенін атап өтті.
Өз кезегінде Гидеон Саар Израиль тарапы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін шешу үшін бар күш-жігерін салатынын айтты. Министр бұл процестің оның жеке бақылауында болатынына сендірді.