сейсенбі, 10 наурыз, 2026 10:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан Израильден отандастарымызды эвакуациялауға көмек сұрады

Қазақстан Израильден отандастарымызды эвакуациялауға көмек сұрады
gov.il/Шалев Ман
Сыртқы істер министрі телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан билігі Израиль тарапынан осы елде жүрген отандастарымызды эвакуациялауға жәрдемдесуді сұрады. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Израильдің Сыртқы істер министрі Гидеон Саардың телефон арқылы сөйлесуі кезінде көтерілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Ведомство басшылары Таяу Шығыстағы қазіргі шиеленісті жағдайды және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Келіссөз барысында Ермек Көшербаев қазақстандықтарды қауіпсіз жерге шығару мәселесі мемлекет үшін ең маңызды басымдық екенін атап өтті.

«Е. Көшербаев израильдік әріптесіне Израильдегі ҚР азаматтарын эвакуациялауға жәрдемдесу туралы өтініш білдіріп, бұл міндет еліміз үшін бірінші кезектегі мәселе екенін жеткізді», — деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Гидеон Саар Израиль тарапы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін шешу үшін бар күш-жігерін салатынын айтты. Министр бұл процестің оның жеке бақылауында болатынына сендірді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар