Атырау облысында ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдіктілер Қазақстанға жеткізілді
Атырау облысында ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдікке ілінген адамдар Қазақстанға жеткізілді.
Күдіктілер Малайзия арқылы қазақстандық құқық қорғау органдарына тапсырылған. Бүгін, 9 наурыз күні таңертең, олар Алматыдан Атырау қаласына жеткізілді.
Қазіргі уақытта ұсталғандар қамауда отыр және тергеушілерге жауап беріп жатыр.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасуда.